Ақмола облысы Астрахан ауданы Бесбидайық ауылдық округінің Бесбидайық ауылын басқа қоныстар санатына көшіру туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/556 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 6С-27-26 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 6996 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, "Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу туралы" Астрахан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 231 қаулысының және Астрахан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 қазандағы № 6С-42-4 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Астрахан ауданы Бесбидайық ауылдық округінің Бесбидайық ауылы Ақмола облысы Астрахан ауданы Бесбидайық ауылдық округі Степное ауылының құрамына енгізіліп, басқа қоныстар санатына көшірілсін және есептік деректерден шығарылсын.

      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
М.Мырзалин
      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
Б.Наурызбаева
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады