Ақмола облысы Астрахан ауданы Старый Колутон ауылдық округінің Зареченка ауылын қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/545 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 6С-27-15 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 7001 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысының, "Старый Колутон ауылдық округінің Зареченка ауылының атауын Еңбек атауына өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу туралы" Астрахан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 130 қаулысының және Астрахан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 6С-38-4 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Астрахан ауданы Старый Колутон ауылдық округінің Зареченка ауылы Ақмола облысы Астрахан ауданы Старый Колутон ауылдық округінің Еңбек ауылы деп қайта аталсын.

      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин
      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
Б.Наурызбаева
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады