Ақмола облысы Зеренді ауданы Кусеп ауылдық округінің Раздольное ауылын қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/551 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 6С-27-21 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 7003 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 05 қазандағы қорытындысының, "Раздольное ауылын Өзен ауылына қайта атау туралы ұсыныс енгізу туралы" Зеренді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 02 қарашадағы № А-8/615 қаулысының және Зеренді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 02 қарашадағы № 29-216 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Зеренді ауданы Кусеп ауылдық округінің Раздольное ауылы Ақмола облысы Зеренді ауданы Кусеп ауылдық округінің Өзен ауылы деп қайта аталсын.

      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин
      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
Б.Наурызбаева
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады