Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 25 қарашадағы № С-5/8 "Көкшетау қаласының әкімшілік шекараларындағы Көкшетау қаласы, елді мекендер жер учаскелеріне жер салығының ставкаларын жоғарылату (төмендету) туралы және Көкшетау қаласының әкімшілік шекараларындағы елді мекендердің, Көкшетау қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № С-19/7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 сәуірде № 6511 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 22 қарашадағы № С-24/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 22.11.2018 № С-24/6 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8 бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қаласының әкімшілік шекараларындағы Көкшетау қаласы, елді мекендер жер учаскелеріне жер салығының ставкаларын жоғарылату (төмендету) туралы және Көкшетау қаласының әкімшілік шекараларындағы елді мекендердің, Көкшетау қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы" 2016 жылғы 25 қарашадағы № С-5/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5619 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8 бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "ставкаларын", "ставкалары", "жоғарылату", "жоғарлату", "(төмендету)", "жоғарылатылсын", "(төмендетілсін)" сөздері "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері", "арттыру", "арттыру", "(азайту)", "арттырылсын", "(азайтылсын)" сөздеріне ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің 2 қосымшасында "түзетілген коэффициентінің" сөздері алып тасталсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алтыншы шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы,
19-шы кезекті сессиясының
төрағасы
Б.Ғайса

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Көкшетау қаласының
әкімі
Е.Маржықпаев

      2018 жылғы "20" наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады