Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № С-25/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 желтоқсанда № 6964 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № С-36-8 шешімімен

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 28.08.2019 № С-36-8 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 546 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.

      2. Көкшетау қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № С-14/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6095 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      2) Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № С-14/3 "Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 20 наурыздағы № С-19/11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6524 болып тіркелген, 2018 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

      3. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Алтыншы шақырылған Көкшетау
қалалық мәслихатының 25- ші
кезектен тыс сессиясының
төрағасы
Ж.Әміржанов
      Алтыншы шақырылған Көкшетау
қалалық мәслихатының хатшысы
Е.Исимбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Көкшетау қаласының
әкімі
Е.Маржықпаев

      2018 жылғы "07" желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Көкшетау қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы"
Республикалық мемлекттік
мекемесінің басшысы
Б.Каримов

      2018 жылғы 07 желтоқсан

 
  Көкшетау қалалық
мәслихатының
2018 жылғы 07 желтоқсандағы
№ С-25/4 шешiміне қосымша

Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

№ р/б

Салық салу объектiсiнiң атауы

Тiркелген салықтың бiрыңғай мөлшерлемелері (айлық есептiк көрсеткiштермен)

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

4

2

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

5

3

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

2,5

4

Ойын жолы

40

5

Карт

5

6

Бильярд үстелі

9

7

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

13


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады