Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № С-36-8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 қыркүйекте № 7351 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 21 ақпандағы № С-41-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 21.02.2020 № С-41-8 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 546 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.

      2. Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № С-25/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6964 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Алтыншы шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының кезектен
тыс 36-шы сессиясының
төрайымы
Ә.Шаримова
      Алтыншы шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы
Ж.Абишев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Көкшетау қаласының әкімдігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер
департаментінің
Көкшетау қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасы"
Республикалық мемлекттік
мекемесі

  Көкшетау қалалық
мәслихатының
2019 жылғы 28 тамыздағы
№ С-36-8 шешiміне қосымша

Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

№ р/б

Салық салу объектiсiнiң атауы

Тiркелген салықтың бiрыңғай мөлшерлемелері (айлық есептiк көрсеткiштермен)

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

4

2

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

5

3

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

2,5

4

Ойын жолы

5

5

Карт

5

6

Бильярд үстелі

9

7

Көкшетау қаласында орналасқан уəкілетті ұйымның айырбастау пункті

13


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады