Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Степногорск қаласының шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Мерзімі біткен

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 6С-25/12 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 наурызда № 6481 болып тіркелді. Шешім 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Шешімнің қолданыста болу мерзімі - 01.01.2020 дейін (шешімнің 2-т.).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 50-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Степногорск қаласының шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Гетманов
      Қалалық мәслихаттың
хатшысы
Ғ.Көпеева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Степногорск қаласының
әкімі
Ә.Күмпекеев

      27.02.2018 ж.

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Степногорск қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
Республикалық мемлекеттік
мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
Р.Рамазанов

      27.02.2018 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады