Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/7 "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне материалдық көмек көрсету бойынша қосымша шаралар белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 6С-26/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 сәуірде № 6541 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 13 мамырдағы № 7С-14/7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 13.05.2022 № 7С-14/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/7 "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне материалдық көмек көрсету бойынша қосымша шаралар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3970 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 қаңтарда "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне материалдық көмек көрсету бойынша қалалық бюджет қаражаты есебінен ай сайын ақшалай төлем түрінде 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша шаралар белгіленсін.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасының
міндетін атқарушы,
қалалық мәслихаттың
хатшысы
Ғ.Көпеева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Степногорск қаласы
әкімінің міндетін
атқарушы
С.Шабаров

      03.04.2018 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады