Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне материалдық көмек көрсету бойынша қосымша шаралар белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 қаңтарда № 3970 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 13 мамырдағы № 7С-14/7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 13.05.2022 № 7С-14/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20 бабына, "Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 тармағына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне материалдық көмек көрсету бойынша қалалық бюджет қаражаты есебінен ай сайын ақшалай төлем түрінде 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша шаралар белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 03.04.2018 № 6С-26/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Материалдық көмек "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаменті Степногорск аудандық бөлімшесі ұсынған тізімдердің негізінде көрсетілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 25.08.2016 № 6С-8/3 (ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Материалдық көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен жүргізілсін.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
С.Сабыров
      Қалалық мәслихат
хатшысы
Ғ.Көпеева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Степногорск қаласы әкімінің
міндетін атқарушы
Ә.Күмпекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады