Аршалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 21/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 ақпанда № 6413 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аршалы аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Аршалы ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 24 мамырдағы № 5/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5435 тіркелген, 2016 жылғы 15 шілдеде аудандық "Аршалы айнасы", "Вперед" газеттерінде жарияланған) шешімі;

      2) "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Аршалы ауданының шекараларында пайданылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 8/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5582 тіркелген, 2016 жылғы 2 қарашада "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Сүлейменов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Қ.Шедербеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Аршалы ауданының әкімі А.Тайжанов

      2018 жылғы 9 ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады