Аршалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 23/9 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 наурызда № 6489 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 70/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 23.12.2020 № 70/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аршалы аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3801 тіркелген, 2013 жылғы 27 қыркүйекте аудандық "Аршалы айнасы" газетінде, 2013 жылғы 27 қыркүйекте аудандық "Вперед" газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      9-тармақ келесі мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар - бір рет он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Сүлейменов
      Аршалы аудандық
мәслихаттың хатшысы
Қ.Шедербеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Аршалы ауданының
әкімі
А.Тайжанов

      2018 жылғы 15 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады