"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысы негізінде, Аршалы кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Аршалы ауданы Аршалы кентінің көшелеріне атаулар берілсін:
1) № 1 көшеге – Жалғызтал;
2) № 2 көшеге – Парасат;
3) № 3 көшеге – Бейбітшілік;
4) № 4 көшеге – Жаңажол;
5) № 5 көшеге – Атақоныс;
6) № 6 көшеге – Болашақ;
7) № 7 көшеге – Достық.
2. Ақмола облысы Аршалы ауданы Аршалы кентінің көшелері қайта аталсын:
1) Асфальтная көшесі Бірлік көшесіне;
2) Вокзальная көшесі Теміржолшылар көшесіне;
3) переулок Широкий Сарыарқа көшесіне;
4) Сельхозтехника көшесі Алтын астық көшесіне.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы кентінің әкімі | Ғ.Ахметжанов |