Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 14.12.2018 № 11 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Атбасар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атбасар ауданы әкімінің "Атбасар ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" 2014 жылғы 3 наурыздағы № 3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4053 тіркелген, 2014 жылғы 10 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 47.- жол алынып тасталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Қалжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Атбасар аудандық сайлау комиссиясының төрағасы |
Т.Боранбаев |
"13" ақпан 2018 жылы