Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 17.11.2023 № 8С 9/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атбасар аудандық мәслихатының "Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5835 тіркелген, 2017 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндердің тізбелері, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі:
1) Жеңіс күні - 9 мамыр (бір рет);
2) Қарт адамдар күні - 1 қазан (бір рет);
3) Мүгедектер күні - қазанның екінші жексенбісі (бір рет);
4) Ауғанстаннан әскерді шығару күні - 15 ақпан (бір рет).";
9-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"9. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) 9 мамыр - Жеңіс күніне:
Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне;
Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларына;
Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына;
2) Қарт адамдар күніне:
ең төмен зейнетақы мөлшерінде алатын зейнеткерлерге, екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) Мүгедектер күніне:
барлық санаттағы мүгедектерге - екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) Ауғанстаннан әскерді шығару күніне (мерейтой күндеріне):
жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлгендерге, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшін Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) отбасына (азаматтарға) өмірлік қиын тіршілік жағдайы туындағаннан кейін, он екі айдан кешіктірмей берген өтініштері бойынша отбасының (азаматтың) табысына байланыссыз бір жолғы көмек:
табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) келген жағдайда "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Атбасар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде, жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
әлеуметтік мәні бар (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен - АИТВ) аурулармен ауыратын тұлғаларға, денсаулық сақтау органдарында тіркеуде тұратыны туралы медициналық мекеменің анықтамасы негізінде, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ауылдық елді мекендерде тұратын, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге оқуын төлеуге, білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі негізінде облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен, жылдық оқу құнының жүз пайыздық мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан тұлғаларға, бес айлық көрсеткіш мөлшерінде;
пробация қызметі есебіндегі тұлғаларға, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) ай сайын коммуналдық қызмет шығындары үшін өтініш берусіз уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімдерінің негізінде:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен жүз пайыз мөлшерінде, сумен, канализация, газбен, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету, қоқыстарды жоюы, телефон байланысы қызметтері, абоненттік төлемақылары үшін, ұсынылған түбіртектерге сәйкес алушының есеп шотына аудару жолымен.
Әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі пайдаланғанға дейін, жеңілдіктер таратылады, олармен бірге тұратын және тіркелген отбасы мүшелеріне (азаматына) да көрсетіледі;
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашисттер мен олардың одақтастары құрған конслагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) бір рет, әлеуметтік көмек көрсетіледі:
жұмыссыздарды жерлеуге, қайтыс болған кезінде жұмыссыз ретінде уәкілетті органдарда тіркелгендерге, бес айлық көрсеткіш мөлшерінде;
8) бір рет, уәкілетті ұйымның берген тізімдер негізінде өтініш бере отырып:
әскери мiндеттiлердің қайтыс болғандарды жерлеуге, жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлгендерге, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшін Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Комбатуров А.Т. |
Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы |
Борұмбаев Б.А. |
"Келісілді"
Атбасар ауданының әкімі |
А.Ә.Қалжанов |
24 желтоқсан 2018 жыл