Мариновка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 3 "Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 тамызда № 6749 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес, Атбасар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мариновка ауылдық округі әкімінің "Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралы" 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6296 тіркелген, 2018 жылғы 16 қантарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      орыс тіліндегі 1-тармақтың 1), 2) тармақшаларына өзгерістер енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мариновка ауылдық
округінің әкімі
Д.Тюлеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады