РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Егіндікөл ауданы бойынша 2018 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ. Қасеновқа жүктелсін.
3. Осы қаулының әрекеті 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егіндікөл ауданының әкімі | Н.Төлепов |
Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "01" ақпандағы № а-2/14 қаулысымен бекітілген |
Егіндікөл ауданы бойынша 2018 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындарының орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | |||||||||
Мектеп-бақша | Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Мектеп-бақша | Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Мектеп-бақша | Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | |||
Мемлекеттік | Жеке меншік | Мемлкеттік | Жеке меншік | Мемлкеттік | Жеке меншік | ||||||
25 | 0 | 50 | 40 | 10518 | 0 | 8673 | 4576 | 5000 | 0 | 9000 | 0 |