Ерейментау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қазандағы № а-10/361 "2018 жылға арналған Ерейментау ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 қазандағы № а-10/347 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 қазанда № 6808 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылдың 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ерейментау ауданы әкімдігінің "2018 жылға арналған Ерейментау ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2017 жылғы 30 қазандағы № а-10/361 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6163 тіркелді, 2017 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланды) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Е.Әлжановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау ауданының
әкімі
В.Радченко

  Ерейментау ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "02" қазандағы
№ а-10/347 қаулысына
қосымша
  Ерейментау ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "30" қазандағы
№ а-10/361 қаулысына
2-қосымша

2018 жылға арналған Ерейментау ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымдар атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

"Мандаев" жеке кәсіпкер

9

11,1

2

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Ерейментау орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

450

0,2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады