Ерейментау ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 қазандағы № а-10/356 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 қазанда № 6818 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ерейментау ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Е.Әлжановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау ауданының әкімі В.Радченко

  Ерейментау ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "10" қазандағы
№ а-10/356 қаулысына
  қосымша

Ерейментау ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

Таза кіріс 500 000 теңгеге дейін

Таза кіріс сомасынан 3 пайыз

Таза кіріс 1 000 000 теңгеге дейін

Таза кіріс сомасынан 5 пайыз


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады