Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 9 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 желтоқсанда № 6910 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің 05.06.2019 № 11 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңына сәйкес және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс шұғыл отырысының 2018 жылғы 6 қарашадағы № 7 хаттамасының негізінде Біржан сал ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Біржан сал ауданы Шошқалы ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары Е.Т. Сабыров төтенше жағдайларды жоюдың басшысы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Е.Т. Сабыровқа жүктелсін.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылдың 6 қарашасынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі Е.Нұғыманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады