РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Біржан сал ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Біржан сал ауданы әкімінің "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6910 тіркелген, 2018 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Е.Т. Сабыровқа жүктелсін.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е.Нұғыманов |