Ақмола облысы Жақсы ауданы Ешім ауылдық округі Ешім ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы ауданы Ешім ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 тамызда № 6757 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Ешім ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Ешім ауылдық округі Ешім ауылының көшелері қайта аталсын:

      Молодежная көшесі Бөгенбай би көшесіне;

      Степная көшесі Тәуелсіздік көшесіне;

      Набережная көшесі Абай көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ешім ауылдық
округінің әкімі
А.Ысқақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады