Зеренді аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-148 "Зеренді ауданы бойынша 2017-2018 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 мамырдағы № 23-186 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 мамырда № 6626 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеренді аудандық мәслихатының "Зеренді ауданы бойынша 2017-2018 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-148 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6268 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихаттың
хатшысы
Қ.Ауғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Зеренді ауданының
әкімі
М.Мұстафин

      2018 жылғы "16" мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады