Ақмола облысы Зеренді ауданы Чаглинка ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы Чаглинка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 қазанда № 6804 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Чаглинка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Зеренді ауданы Чаглинка ауылының көшелері қайта аталсын:

      1) Октябрь көшесін Нұрлы көш көшесіне;

      2) Строительная көшесін Жеңіс көшесіне;

      3) Придорожная көшесін Бәйтерек көшесіне;

      4) Центральный шағын ауданы Орталық шағын ауданына;

      5) Школьный шағын ауданы Ынтымақ шағын ауданына;

      6) 8 марта көшесін 8 наурыз көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Чаглинка ауылдық
округінің әкімі
Б.Дүйсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады