Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округінің Қорғалжын ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 ақпанда № 6424 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Қорғалжын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округінің Қорғалжын ауылының көшелері қайта аталсын:

      1) Комсомольская көшесі Тәуелсіздік көшесіне;

      2) Отделение № 1 көшесі Хамит Ерғалиев көшесіне;

      3) Карл Маркс көшесі Қайым Мұхамедханов көшесіне;

      4) Киров көшесі Әлихан Бөкейханов көшесіне;

      5) РСУ көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;

      6) Подстанция көшесі Баубек Бұлқышев көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қорғалжын ауылдық
округінің әкімі
Ж.Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады