Сандықтау ауданы Белгород ауылдық округі елді мекендерінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Белгород ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 6940 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Белгород ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сандықтау ауданы Белгород ауылдық округі Преображенка ауылының Набережная көшесі Біржан сал көшесіне қайта аталсын.

      2. Сандықтау ауданы Белгород ауылдық округі Раздольное ауылының көшелері қайта аталсын:

      1) Лесная көшесі Қазыбек би көшесіне;

      2) Речная көшесі Мағжан Жұмабаев көшесіне.

      3. Сандықтау ауданы Белгород ауылдық округі Белгородское ауылының көшелері қайта аталсын:

      1) Транспортная көшесі Шоқан Уәлиханов көшесіне;

      2) Комсомольская көшесі Бөгенбай би көшесіне;

      3) Клубная көшесі Рақымжан Қошқарбаев көшесіне;

      4) Пришкольная көшесі Әлия Молдағұлова көшесіне;

      5) Пионерская көшесі Қанай би көшесіне;

      6) Набережная көшесі Шамай батыр көшесіне.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Белгород ауылдық
округінің әкімі
Б.Жанғожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады