РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Новоникольск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сандықтау ауданы Новоникольск ауылдық округі Новоникольское ауылының Целинная көшесі Атамекен көшесіне қайта аталсын.
2. Сандықтау ауданы Новоникольск ауылдық округі Құмдыкөл ауылының Набережная көшесі Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне қайта аталсын.
3. Сандықтау ауданы Новоникольск ауылдық округі Меньшиковка ауылының Интернациональная көшесі Бірлік көшесіне қайта аталсын.
4. Сандықтау ауданы Новоникольск ауылдық округі Мысок ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Набережная көшесі Қазыбек би көшесіне;
2) Садовая көшесі Болашақ көшесіне.
5. Сандықтау ауданы Новоникольск ауылдық округі Смольное ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Школьная көшесі Мектеп көшесіне;
2) Заречная көшесі Аққайың көшесіне.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
7. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Новоникольск ауылдық округінің әкімі |
К.Садуова |