РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қортындысы негізінде, Сандықтау ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сандықтау ауданы Сандықтау ауылдық округі Сандықтау ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Луговая көшесі Мәлік Ғабдуллин көшесіне;
2) Набережная көшесі Мұхтар Әуезов көшесіне;
3) Заречная көшесі Жабай көшесіне;
4) Подгорная көшесі Алаш көшесіне;
5) Целинная көшесі Абылай хан көшесіне;
6) Комсомольская көшесі Әл-Фараби көшесіне.
2. Сандықтау ауданы Сандықтау ауылдық округі Новоромановка ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Ленин көшесі Шоқан Уәлиханов көшесіне;
2) Мир көшесі Абай көшесіне.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
С.Байымбетова |