Сандықтау ауданы Мәдениет ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Мәдениет ауыл әкімінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 6938 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 05 қазандағы қорытындысы негізінде, Мәдениет ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сандықтау ауданы Мәдениет ауылының Набережная көшесі Шұғайып Нұртазин көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәдениет ауылының
әкімі
Қ.Қаженов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады