Целиноград ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 180/25-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 15 ақпанда № 6403 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 505-бабына, 509-бабының 3-тармағына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелері 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

      2. Ақмол ауылы салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын Целиноград ауданының жақын жатқан елді мекені болып айқындалсын.

      3. "Целиноград ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" 2017 жылғы 26 маусымдағы № 128/16-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6038 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
С.Абеева
      Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Жанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитеті Ақмола облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің Целиноград ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
А.Жантеміров

      30.01.2018

  Целиноград аудандық
мәслихатының
2018 жылғы 30 қаңтардағы
№ 180/25-6 шешіміне
1-қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері

Санаттар

1.

Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

1-санат

2.

Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

2-санат

 
  Целиноград аудандық
мәслихатының
2018 жылғы 30 қаңтардағы
№ 180/25-6 шешіміне
2-қосымша

Целиноград ауданында автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелері

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелері

Базалық мөлшерлемелердің ұлғаюы

1.

1-санат

0,48

он есе

2.

2-санат

0,48

он есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады