Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 181/25-6 "Целиноград ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 ақпандағы № 384/57-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 ақпанда № 7693 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Целиноград ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 181/25-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6404 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Я.Мофа
      Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Ибраев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Целиноград ауданының әкімі
"Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитеті Ақмола облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің Целиноград ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады