Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 146/20-6 "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 тамыздағы № 235/33-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 24 қыркүйекте № 6791 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 428/64-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 10.07.2020 № 428/64-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград аудандық мәслихатының "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 23 қазандағы № 146/20-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6154 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      8 - тармақта:

      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне" жолы алынып тасталсын;

      9 - тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9. Әлеуметтік көмек келесілерге көрсетіледі:

      1) 9 мамыр - Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына;

      2) Қарт адамдар күніне:

      ең төмен зейнетақыны алатын және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын зейнеткерлерге;

      3) Мүгедектер күніне:

      1, 2, 3-топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

      4) анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей өтініш берілгенде, кірісіне қарамастан, жылына бір рет:

      онкологиялық аурулармен ауыратын, онкологиялық стационар жағдайда арнайы ем қабылдаудағы адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу мерзіміне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне оқуын төлеуге арналған білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтама, өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама, өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру актісі, учаскелік комиссия қорытындысы, төлем туралы түбіртектер негізінде жылдық оқу құнының жүз пайыздық мөлшерінде;

      ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың жоғары медициналық оқу орындарында ақы төлеу негізінде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне оқуын төлеуге арналған уәкілетті орган, жоғары медициналық оқу орны және алушының арасында жасалған үш жақты келісім шарттың, оқу орнынан берілген анықтаманың, өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтаманың, өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру актісі, учаскелік комиссия қорытындысы негізінде жылдық оқу құнының мөлшерінде;

      анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өрт, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайларда отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) коммуналдық қызмет шығындары үшін өтініш берусіз уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімдерінің негізінде:

      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, ай сайын, бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысының қатысушылары теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге, 1, 2, 3-топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - қала маңындағы жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде.";

      11-1 тармағымен толықтырылсын:

      "11-1. Қала маңындағыжолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату үшін зейнеткерлік куәліктің түпнұсқасы ұсынылады.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихатының
хатшысы
Б.Жанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Целиноград ауданының
әкімі
М.Тәткеев

      24. 08. 2018 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады