Целиноград ауданының Рахымжан Қошқарбаев ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 3 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 қаңтарда № 6362 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімішілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысы негізінде, Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград ауданының Рахымжан Қошқарбаев ауылының көшелері қайта аталсын:

      1) Молодежная көшесі Жастар көшесіне;

      2) Мира көшесі Бейбітшілік көшесіне;

      3) Строительная көшесі Желтоқсан көшесіне;

      4) Калинин көшесі Әлихан Бөкейханов көшесіне;

      5) Набережная көшесі Достық көшесіне;

      6) 40 лет Казахстана көшесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесіне;

      7) Механизаторская көшесі Жеңіс көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Рахымжан Қошқарбаев
ауылдық округінің әкімі
Т.Мукушев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады