Шортанды ауданының Петровка ауылдық округінің Белое озеро ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 сәуірде № 6587 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің 01.10.2018 № 10 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Шортанды ауданы бойынша бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 01-24-115 ұсынысы негізінде, Петровка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауру ошағының пайда болуына байланысты Шортанды ауданының Петровка ауылдық округінің Белое озеро ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Петровка ауылдық
округінің әкімі
В.Шимков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады