РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8 тармақшасына сәйкес, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2018 жылғы 23 тамыздағы № 01-47-332 ұсынуы бойынша, Петровка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды ауданының Петровка ауылдық округі Белое озеро ауылының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Шортанды ауданының Петровка ауылдық округінің Белое озеро ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ақмола облысы Шортанды ауданының Петровка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6587 болып тіркелген, 2018 жылдың 14 мамырында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Петровка ауылдық округінің әкімі |
В.Шимков |