РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Бурабай ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Е.Қ.Мұратовқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ.Қарауылов |
Бурабай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "06" 06 № а-6/215 қаулысына қосымша |
Бурабай ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Таза кіріс 50 000 000 теңгеге дейін | Таза кіріс сомасынан 3 пайыз |
Таза кіріс 5 000 001 теңгеден 70 000 000 теңгеге дейін | 1 500 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшеріндегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз |
Таза кіріс 70 000 001 теңгеден 100 000 000 теңгеге дейін | 2 100 000 теңге + 70 000 000 теңге мөлшеріндегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз |
Таза кіріс 100 000 001 теңгеден 150 000 000 теңгеге дейін | 3 000 000 теңге + 100 000 000 теңге мөлшеріндегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз |