Щучинск қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № а-11/466 қаулысы және Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 қарашадағы № 6С-35/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда № 6954 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Щучинск қаласының атауы жоқ шағын ауданына Шұғыла шағын ауданы атауы берілсін.

      2. Щучинск қаласының келесі көшелері қайта аталсын:

      1) Шоссейная көшесі Қанай би көшесіне;

      2) Зеленая көшесі Ақан сері көшесіне;

      3) Луговая көшесі Табиғат көшесіне;

      4) 1-ая Школьная көшесі Парасат көшесіне;

      5) Парковая көшесі Бәйтерек көшесіне;

      6) Рабочая көшесі Мәлік Ғабдуллин көшесіне;

      7) Заводская көшесі Кенесары көшесіне;

      8) Школьная көшесі Нұрлы жол көшесіне;

      9) Горная көшесі Оқжетпес көшесіне;

      10) Пролетарская көшесі Алаш көшесіне;

      11) Транспортная көшесі Тұлпар көшесіне;

      12) Каменнокарьерская көшесі Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне;

      13) Светлая көшесі Тұмар көшесіне;

      14) Элеваторная көшесі Алтын дән көшесіне;

      15) Снежная көшесі Думан көшесіне.

      3. Осы Бурабай ауданы әкімдігінің қаулысы мен Бурабай аудандық мәслихаттың шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының
әкімі
Қ.Қарауылов
      Аудандық мәслихаттың
ХХXV (кезектен тыс)
сессиясының төрағасы
Ж.Бектұров
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады