Ақмола облысы Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округінің кейбір ауылдарында көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 10 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 мамырда № 6624 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысы негізінде, Зеленобор ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округінің кейбір ауылдарында көшелер қайта аталсын:

      Зеленобор ауылының Микрорайон № 1 көшесі Сарыарқа көшесіне;

      Зеленобор ауылының Музыкальная школа көшесі Құлагер көшесіне;

      Жаңаталап ауылының Центральная көшесі Береке көшесіне;

      Мәдениет ауылының Боровская көшесі Жібек жолы көшесіне;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Зеленобор ауылдық
округінің әкімі
Д.Жабагин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады