Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай кентінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай кенті әкімінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 сәуірде № 6499 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысы негізінде, Бурабай кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай кентінің көшелері қайта аталсын:

      1) Аэродромная көшесі Жібек жолы көшесіне;

      2) Обозная көшесі Құлагер көшесіне;

      3) Садовая көшесі Алатау көшесіне;

      4) Лесная көшесі Орман көшесіне;

      5) Юбилейная көшесі Мерей көшесіне;

      6) Щорс көшесі Көкмайса көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай кентінің
әкімі
Ч.Темербеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады