Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылғы 22 ақпандағы № 255 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 наурызда № 5898 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 мамырдағы № 43 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық мәслихатының 17.05.2021 № 43 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексiнің 576-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3349 тіркелген, 2011 жылғы 6 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексiнің 576-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      жоғарыда көрсетілген шешімге қосымшаның 6-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1. Мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 7,54 айлық есептік көрсеткішті құрайды.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
С. АЙТБАЕВА
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады