Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 303 "Ақтөбе облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 119 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 наурызда № 5902 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 45-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 303 "Ақтөбе облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы" қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5651 болып тіркелген, 2017 жылғы 22-23 қыркүйекте "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2018 жылғы 12 наурыздағы
№ 119 қаулысына қосымша

Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Ақтөбе облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне төленетін ай сайын ақшалай үлес

Атауы

Орын

Үлес көлемі айлық есептік көрсеткіш

Ескертпе

1

Олимпиада және паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

1 орын

250

Төлемдер Олимпиада ойындары аяқталған соң күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады.

2 орын

200

3 орын

150

4 орын

90

5 орын

70

6 орын

60

2

Олимпиада ойындарында үміткер спортшылар (ҚР ұлттық штаттық командасына енген)

Олимпиада ойындарына қатысу үшін лицензия

120

Төлемдер Олимпиада ойындары басталғанға дейін ай сайынғы төлеммен жүзеге асырылады.

3

Сурдлимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

1 орын

100

Төлемдер Сурдлимпиада ойындары аяқталған соң күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады.

2 орын

80

3 орын

70

4 орын

50

5 орын

40

6 орын

30

4

Жабық ғимараттардағы Азия ойындарын қоспағанда Азия, паралимпиада, сурдлимпиада ойындары

1 орын

120

Төлемдер спортшы спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі Азия, паралимпида, сурдлимпиада ойындарына дейін жүзеге асырылады.

2 орын

110

3 орын

100

5

Спорттың олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық түрлері бойынша Әлем чемпионаты (жазғы, қысқы)

1 орын

150

Төлемдер спортшы спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі Әлем чемпионатына дейін жүзеге асырылады.

2 орын

130

3 орын

110

6

Спорттың олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық түрлері бойынша Азия чемпионаты, Дүниежүзілік Универсиада (жазғы, қысқы)

1 орын

100

Төлемдер спортшы келісімшартқа сәйкес спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі Азия чемпионатына дейін жүзеге асырылады.

2 орын

90

3 орын

80

7

Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша жастар мен юниорлар арасындағы Әлем чемпионаты, Олимпиадалық жасөспірімдер ойындары

1 орын

60

Төлемдер спортшы спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі Әлем чемпионатына дейін жүзеге асырылады.

2 орын

50

3 орын

40

8

Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша жастар мен юниорлар арасындағы Азия чемпионаты, Азия балалары, жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Әлем чемпионаты

1 орын

40

Төлемдер спортшы спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі Азия чемпионатына дейін жүзеге асырылады.

2 орын

35

3 орын

30

9

Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионаты

1 орын

35

Төлемдер спортшы спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі Азия чемпионатына дейін жүзеге асырылады.

2 орын

30

3 орын

25

10

Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты мен Қазақстан Республикасының Спартакиадасы (жазғы, қысқы)

1 орын

60

Төлемдер келесі Қазақстан Республикасының чемпионатына дейін жүзеге асырылады (1 жыл).

2 орын

50

3 орын

40

11

Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша жастар мен юниорлар арасындағы Жастар ойындары мен Қазақстан Республикасының чемпионаты

1 орын

35

2 орын

30

3 орын

25

12

Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты

1 орын

15

13

Қазақстан Республикасының Паралимпиялық ойындары, тірек-қимыл аппаратының, естумен, көруіңіз зақымдануымен мүгедек-спортшылар ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты

1 орын

40

2 орын

20

3 орын

15

14

Ұлттық спорт түрлері бойынша ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты

1 орын

40

Төлемдер келесі Қазақстан Республикасының чемпионатына дейін жүзеге асырылады (1 жыл).

2 орын

35

3 орын

30

15

Ұлттық спорт түрлері бойынша ересектер арасында Азия чемпионаты

1 орын

50

Төлемдер спортшы спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі Азия чемпионатына дейін жүзеге асырылады.

2 орын

40

3 орын

30

16

Ұлттық спорт түрлері бойынша ересектер арасында Әлем чемпионаты

1 орын

60

Төлемдер спортшы спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі Әлем чемпионатына дейін жүзеге асырылады.

2 орын

50

3 орын

40

17

Ұлттық спорт түрлері бойынша жастар мен юниорлар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты

1 орын

35

Төлемдер келесі Қазақстан Республикасының чемпионатына дейін жүзеге асырылады.

18

Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша ересектер арасындағы Әлем чемпионаты

1 орын

45

Төлемдер келесі Әлем, Азия чемпионатына дейін жүзеге асырылады.

2 орын

35

3 орын

20

19

Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша ересектер арасындағы Азия чемпионаты

1 орын

30

2 орын

20

3 орын

12

Олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Ақтөбе облысы спортшыларының жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай үлес

Жарыстардың атауы

Орын

Үлес көлемі айлық есептік көрсеткіш

Ескертпе

1

Ересектер арасындағы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

1 орын

100

Төлемдер Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары аяқталған соң күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады.

2 орын

80

3 орын

60

2

Ересектер арасындағы Әлем чемпионаты, Азия ойындары

1 орын

70

Төлемдер Әлем чемпионаты, Азия чемпионаты, Азия ойындары және Дүниежүзілік универсиада аяқталған соң жүзеге асырылады.

2 орын

60

3 орын

50

3

Ересектер арасындағы Паралимпиада ойындары, Дүниежүзілік универсиада, Азия чемпионаты

1 орын

50

2 орын

40

3 орын

30


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады