Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3-бабының 7- тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары және индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С. Т. Төленбергеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Қазақстан Республикасның | |
Инвестициялар және даму | |
министрлігі Автомобиль жолдары | |
комитетінің төрағасы | Пішембаев М. Қ. |
2018 жыл_________ "____" |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 427 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары және индекстері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 04.09.2024 № 253 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Автомобиль жолының индексі | Автомобиль жолының атауы | Жалпы ұзындығы (километр) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | KD-1 |
"Ақтөбе - Родниковка - Мәртөк", | 88 |
2 | KD-2 |
"Дөң - Бадамша - "Ақтөбе - Орск", | 68 |
3 | KD-3 |
"Шұбарқұдық - Ойыл - Қобда - Соль-Илецк", | 373 |
4 | KD-4 |
"Покровка - Темір - Кеңқияқ - Ембі", | 179 |
5 | KD-5 |
"Ақтөбе - Болгарка - Шұбарқұдық", | 174,5 |
6 | KD-6 |
"Қобда - Мәртөк", | 82,565 |
7 | KD-7 |
"Ақтөбе - Орск" - Петропавловка - Хазретовка", | 36 |
8 | KD-8 | "Шалқар - Бозой - Өзбекстан Республикасы шекарасы (Нүкіске)", 0-242 километр" | 242 |
9 | KD-9 |
"Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы", | 13,8 |
Барлығы: | 1256,865 |