"Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атауларын және индекстерін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 427 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 253 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 қыркүйекте № 8624-04 болып тіркелді

      Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атауларын және индекстерін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 427 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5951 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігінің
Автомобиль жолдары комитеті"
республикалық мемлекеттік мекемесі

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2024 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 253 қаулысына қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2018 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 427 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары және индекстері

Автомобиль жолының индексі

Автомобиль жолының атауы

Жалпы ұзындығы (километр)

1

2

3

4

1

KD-1

"Ақтөбе - Родниковка - Мәртөк",
05-93 километр"

88

2

KD-2

"Дөң - Бадамша - "Ақтөбе - Орск",
7-75 километр"

68

3

KD-3

"Шұбарқұдық - Ойыл - Қобда - Соль-Илецк",
0-373 километр"

373

4

KD-4

"Покровка - Темір - Кеңқияқ - Ембі",
0-179 километр"

179

5

KD-5

"Ақтөбе - Болгарка - Шұбарқұдық",
16,5-191 километр"

174,5

6

KD-6

"Қобда - Мәртөк",
0-82,565 километр"

82,565

7

KD-7

"Ақтөбе - Орск" - Петропавловка - Хазретовка",
0-36 километр"

36

8

KD-8

"Шалқар - Бозой - Өзбекстан Республикасы шекарасы (Нүкіске)", 0-242 километр"

242

9

KD-9

"Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы",
21,5-35,3 километр"

13,8



Барлығы:

1256,865


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады