Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 490 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 қарашада № 5957 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3254 тіркелген, 2008 жылғы 10 маусымда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасында:

      "Көлдер" деген бөлім осы қаулының қосымшасына сәйкес реттік нөмірлері 30, 31, 32 жолдармен толықтырылсын.

      2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Е. Абдуллинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 490 қаулысына қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 қаулысына қосымша

30

Қызылкөл

Ырғыз ауданы, Торғай мемлекеттік табиғи қаумалы

31

Мамыркөл

Ырғыз ауданы, Торғай мемлекеттік табиғи қаумалы

32

Айыркөл

Ырғыз ауданы, Торғай мемлекеттік табиғи қаумалы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады