Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және Қарғалы және Мұғалжар аудандарының өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отыра, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тұрақты халқының саны елу адамнан аспайтындығына байланысты, жекелеген аудандардың төменде аталған ауылдары таратылып, тұрғындары сол ауылдық округтегі жақын елді мекендердің құрамына қосылсын.
1) Қарғалы ауданы бойынша:
Степной ауылдық округінің Мамыт және Первомай ауылдары және Әлімбет ауылдық округінің Шандыаша ауылы таратылып, таратылған ауылдардың тұрғындары жақын орналасқан Степной ауылдық округінің Степной ауылының және Әлімбет ауылдық округінің Әлімбет ауылының құрамына қосылсын;
2) Мұғалжар ауданы бойынша:
Жұрын ауылдық округінің Тәжірибе ауылы және Құмсай ауылдық округінің Жамбыл ауылы таратылып, таратылған ауылдардың тұрғындары жақын орналасқан Жұрын ауылдық округінің Жұрын ауылының және Құмсай ауылдық округінің Құмсай ауылының құрамына қосылсын.
2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жер-кадастр құжаттамаларын облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына жүргізілген өзгерістермен сәйкестендірсін.
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкімі | Б. САПАРБАЕВ |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы | Ә. САРМАНОВА |