Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 17.02.2020 № 370 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 546 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әйтеке би ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен базалық мөлшерлемелерінің мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Әйтеке би ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
А. Т. Еренов |
Әйтеке би аудандық мәслихатының хатшысы |
Е. Б. Таңсықбаев |
Әйтеке би аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 196 шешіміне 1 қосымша |
Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен базалық мөлшерлемелерінің мөлшері:
№ | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең төмен мөлшері (айлық есептік көрсеткіш-термен) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |
7 | Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті | 10 |