Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 38 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5284 болып тіркелген, "Жұлдыз-Звезда" аудандық газетінде 2017 жылы 17 наурызда № 12 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Қонжарға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған бастап қолданысқа енгізіледі.
Алға ауданының әкімі | Н. Алдияров |