Шектеу іс-шараларын алу және Алға ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 36 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 8 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Алға аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 29 маусымда № 3-3-167 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылдың 18 мамырдағы № 2-6-04/83 санды ұсынысына сәйкес, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі, Аманкелді ауылында орналасқан "Баймұрат" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасында сарып ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 36 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5839 болып тіркелген, 2018 жыл 22 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Алға ауданының әдiлет басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Е.C. Куспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады