Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімінің 20.08.2019 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуiрдегi "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабына және 50 бабы 2 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына, Байғанин ауданының әкiмдiгi жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссиясы отырысының 2018 жылғы 29 тамыздағы № 3 хаттамасы негiзiнде, аудан аумағындағы елді мекендердің тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында Байғанин ауданының әкiмі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин ауданының аумағында жергiлiктi ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Байғанин ауданы әкiмiнiң орынбасары Ж. Жаңабай тағайындалсын және осы шешiмнен туындайтын тиiстi iс-шараларды жүргiзу тапсырылсын.
3. "Байғанин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Байғанин аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Шериязданов |