Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 ақпандағы № 245 "Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 143 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ырғыз аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 2 сәуірде № 3-5-176 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 282 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 13.03.2020 № 282 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 245 "Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4807 тіркелген, 2016 жылы 12 сәуірде "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының:

      7 тармағында "Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;" сөздері алынып тасталсын;

      8 тармақтың 3) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде "Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тізімдері негізінде";

      12 тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. "Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ырғыз аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Ырғыз аудандық әкімдігінің интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Ырғыз аудандық
мәслихаты сессиясының төрағасы
Қ. Тілеуғабылов
      Ырғыз аудандық
мәслихатының хатшысы
К. Қосаяқов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы
"_____" _______________ 2018 жыл
Қ. Отаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады