Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қос Естек ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 16 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 26 сәуірде № 3-6-155 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қос Естек ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 42 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қос Естек ауылдық округі әкімінің 27.09.2018 № 42 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қарғалы аудандық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2018 жылғы 14 наурыздағы № 2-9-05/24 ұсынысы негізінде, Қос Естек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі мүйізді қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Қос Естек ауылдық округі, Қос Естек ауылындағы Бірлік, Ж. Жабаев және Ш. Балниязов көшелері аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қос Естек ауылдық округінің әкімі Г.Б. Досмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады